KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Қазатомөнеркәсіпте" тағы бір жоғары лауазымды басшы қызметінен кетті

• Қайсар Қанат
Фото: kazatomprom.kz

Компанияның мәліметінше, Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берген. Осыған байланысты "Қазатомөнеркәсіптің" Директорлар кеңесі оның басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Дархан Сағындықов ұлттық компанияда сатып алу және жалпы мәселелер бағытына жауапты болған. Компания оның қызметінен кетуі өндірістік және басқа да жұмыс процестеріне әсер етпейтінін мәлімдеді.

"Қазатомөнеркәсіп" жұмысын қалыпты режимде жалғастырып жатыр. Ал бұрын Дархан Сағындықов атқарған міндеттер мен өкілеттіктер басшылық құрам арасында қайта бөлінеді.

Еске салайық, 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков пен басқа да адамдарды ұстаған. ҰҚК мәліметінше, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →