KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Қазан қайнатып, ет саламыз”: Балаларымен ұлттық тағам әзірлеген Төреғалиға жұрт дән риза

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Төреғали Төреәлі ұлдарын ұлттық тағам әзірлеуге баулып, отбасылық сәтін әлеуметтік желіде көрсетті. Өнер иесінің бұл әрекеті желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол ұлдарымен бірге отын жарып, ас әзірлеу жұмыстарына балаларды да қатыстырған.

«Біз бүгін өз шаңырағымызда, бұйырса, қазақтың ұлттық тағамы – бешбармақ дайындайтын боламыз. Оң жағымда Төренұр, сол жағымда көмекшім Төремұхаммедәли. Бүгін отын жағып, далада қазан қайнатып, ет салатын боламыз», – деді әнші жариялаған видеода.

Өнер иесінің отбасылық видеосы көпшіліктің көңілінен шықты. Желі қолданушылары балалардың ұлттық дәстүрді бойына сіңіріп, ата-баба мұрасын үйреніп өсуіне ықпал ететін тәрбиелік мәні бар әрекетті жоғары бағалады.

«Осындай ұл-қыз жұғысты болсын», «Керемет отбасы», «Қандай керемет тәрбие» деген секілді жылы пікірлер жазылды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →