KZNEWS.KZ
Саясат

Қазақстанның цифрлық шешімдері 100-ден аса елге жетті – Тоқаев

• Асқар Алтайұлы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтты. Алайда технология саласындағы қазіргі жетістіктермен шектеліп қалуға болмайтынын ескертті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Біз еліміздің мықты технологиялық негізін қалыптастырамыз десек, инновациялық стартап-компанияларға нақты қолдау көрсетіп, озық жобаларды жүзеге асыруымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы мақсатта Президент өнеркәсіп саласында жасанды интеллект арқылы шешуге болатын міндеттердің тізімін жасауды ұсынды. Ол нақты экономикалық қажеттіліктерге негізделуге тиіс. Аталған тізімге сүйене отырып, Қазақстан мен шетелдік командалардың қатысуымен AI Challenge ұйымдастыру ұсынылды. Оң нәтиже көрсеткен үздік жобалар міндетті түрде өндіріске енгізіледі.

Форумда Мемлекет басшысы жасанды интеллектіге қатысты асқан жауапкершілік таныту қажеттігін де атап өтті. Осы ретте ол АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен Американың жетекші технологиялық компаниялары Суперинтеллект туралы келісімге қол қойғанына тоқталды.

«Менің ойымша, мүдделі елдер осы тәсілді үлгі ретінде қарастырып, мұқият зерделеген соң жаһандық деңгейде қолдануға болар еді», – деді Президент.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →