KZNEWS.KZ
Экономика

Қазақстанның IT-компаниялары шетелге 1,1 млрд доллардың қызметін сатты

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

«Биыл тоғыз айда резиденттер 317 млрд теңгеге экспорт жасады. Бұл – шикізат емес экспорт және жаңа жұмыс орындары. Яғни нақты нәтиже. Стартап әр кезеңде қолдау алады: акселерация, қаржы, шетел нарығына шығу», - деді Ростислав Коняшкин.

Astana Hub өңірлік IT-экожүйені дамыту бағытында жұмыс жүргізуде. Бүгінде Қазақстанда 20 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді. Олардың базасында 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізілген.

Қазақстан халықаралық инфрақұрылымды да кеңейтіп келеді. Қазіргі таңда АҚШ, Қытай, БАӘ және Малайзияда төрт IT-хаб жұмыс істейді. Олардың бағдарламаларынан 61 қазақстандық стартап өтті. Ал 20 қарашада Ұлыбританияда бесінші IT-хабтың ашылуы жоспарланған.

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Халықаралық хабтар сыртқы нарықтарға шығу функциясын орындайтынын, әлемдік сараптамаға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін және сол арқылы отандық IT-компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →