KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылғы Рамазан мен Құрбан айттың күндері жарияланды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған діни мерекелер күнтізбесін ұсынды. Жарияланған кестеге сәйкес, келер жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, Ораза айт 9 наурызда атап өтіледі. Ал Құрбан айттың алғашқы күні 16 мамырға жоспарланған, деп хабарлайды kznews.kz.

2027 жылға жоспарланған негізгі діни күндер төмендегідей:

8 ақпан – Рамазан айының басталуы;

5–6 наурыз – Қадір түні;

9 наурыз – Ораза айт;

16 мамыр – Құрбан айттың алғашқы күні.

Рамазан айында мұсылмандар ораза ұстап, құлшылыққа, қайырымдылыққа және рухани тазаруға көңіл бөледі. Ал Ораза айт пен Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін ерекше мәні бар діни мерекелер.

Сонымен қатар мүфтият жарияланған күндердің алдын ала есептелгенін ескертті. Діни мерекелердің нақты мерзімі жаңа айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Осыған орай Рамазанның басталуы мен айт күндері бір күнге ерте немесе кеш белгіленуі ықтимал.

Сондықтан мұсылмандарға мерекелердің нақты күндерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми хабарламалары арқылы нақтылап отыру ұсынылады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →