Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың бірінші күні, 27 мамырда өтетін Құрбан айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Астана, Алматы және Шымкентті қоса алғанда, Қазақстанның көптеген өңірлерінде Құрбан айт намазы таңғы сағат 06:00-де басталады. Сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарының тұрғындары да дәл осы уақытта айт намазына жиналады.
Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында да айт намазы 06:00-де өтеді.
Ал Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында намаз уақыты сәл кейінірек — таңғы 06:30-да басталады.
Айта кетейік, Құрбан айттың бірінші күні Қазақстанда ресми демалыс күні болып саналады.