Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни мерекелердің күндерін жариялады. Мәліметке сәйкес, келесі жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады, деп хабарлайды kznews.kz.
ҚМДБ ұсынған күнтізбе бойынша, Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге келеді. Ал Құрбан айт 16, 17 және 18 мамыр күндері атап өтіледі.
Діни мерекелердің күндері астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген. Дегенмен жаңа айдың көрінуіне қарай олардың нақты мерзімі бір күнге өзгеруі мүмкін.
Мерекелердің күнтізбесі ҚМДБ-ның ресми парақшасында жарияланды.