Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Құрманбек Жұмағалидің мемлекеттік қызметте, бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында тәжірибесі мол. Жаңа қызметінде ол отандық кино өндірісінің дамуына жауапты негізгі мекемелердің бірін басқарады.
«Қазақфильм» – Қазақстандағы ең ірі киностудиялардың бірі. Оның тарихы 1934 жылдан басталады. Киностудияда отандық кино өнерінің дамуына үлес қосқан көптеген көркем және деректі фильм түсірілген.