9 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокцветмет» ЖШС-не қарасты «Артемьевская» шахтасында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ауа айналымын баылайтын қызметінің механигі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап кеткен, деп хабарлайды kznews.kz.
Ауыр жарақат алған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Компания өкілдерінің хабарлауынша, апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін – 27 сәуір күні «Востокцветмет» ЖШС-нің Орлов өндірістік кешеніндегі шахтада тау жынысы опырылып түскен еді. Сол кезде үйінді астында қалған екі жұмысшының бірі оқиға орнында қаза тапқан болатын.