KAZ Minerals кенішінде мамыр айының басынан бері екінші жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
30 мамыр шамамен сағат 20:30-да "Востокцветмет" ЖШС-нің Артемьевская кенішінде тас құлау салдарынан жұмысшы қаза тапты.
Апат болған жердегі барлық жұмыс дереу тоқтатылған.
"Оқиғаның мән-жайы мен себептерін құзыретті мамандар мен уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Абай облысындағы Kaz Minerals шахтасында жұмысшы қаза тапқан еді.