Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Соколовская" шахтасында жарылыс: жұмысшы жарақат алды

"Соколовская" шахтасында жарылыс: жұмысшы жарақат алды
Фото: ашық дереккөздерден

Қостанай облысының аумағындағы «Соколовская» шахтасында жарылыс болып, бір адам зардап шекті.

Бұл туралы «ССГПО» АҚ-ның корпоративтік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жарылыстан 55 жастағы кәсіпорын жұмысшысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Жарылыс кезінде ол ірі кен кесектерін тасымалдайтын құрылғыға жөндеу жұмыстарын жасап жатқан екен. 

- Оқиға тасымал жолындағы кедергілерді жою үшін қолданылатын жарылғыштардың тұтануынан болған. Жарақат алған жұмысшы тәжірибелі машинистің бірі, ол 25 жылдан бері кәсіпорында еңбек етіп келеді, - делінген ресми хабарламада.

Оқиғадан кейін зардап шеккен жұмысшы Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Аталған дерек бойынша тексеру тағайындалып, оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталатын болады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.