KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Каспийдегі трагедия: Аман қалған сарбазға қатысты тың дерек шықты

• Қайсар Қанат

Бұл туралы Ақжолдың анасы Самал Кеуелова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Азаматтың ағасы інісінің қолынан түспеген сағатын Ақжолға сыйлаған.

Самал Кеуелова бұл сыйлықтың ұлы үшін жай ғана зат емес, жан досынан қалған қымбат аманат екенін атап өтті.

«Бүгін Азаматтың ағасы Ақжолға бауырының қолынан түспеген сағатын сыйлапты… Бұл — Ақжол үшін жан досының жүрегіне жақын бір бөлшегіндей болып қалған аманат. Қолына таққан сайын Азаматын еске алып, бірге өткізген балалық шағын, күлкісін, әңгімелерін еске түсірер…» – деп жазды ол.

Ақжолдың анасы Азаматтың ағасына да алғысын білдірді.

«Азаматтың өзі қасында болмаса да, оның сағаты енді Ақжолдың қолында… Азаматтың ағасына мың алғыс! Бауырынан қалған қымбат дүниені Ақжолға табыстағаны үшін», – деді Самал Кеуелова.

Ол кейбір сыйлықтың құны ақшамен өлшенбейтінін атап өтті.

«Кейбір сыйлықтың бағасы болмайды… Өйткені оның құны ақшада емес, жүректе», – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Самал Кеуелова Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Ақжолдың досы Азаматтың беретасын ауруханада да қолынан тастамағанын айтып, олардың достығы туралы әсерлі жазба жариялаған еді.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →