300 мыңнан асты: кәсіпкерлер қыз-келіншектер саны көбейген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған 14 сарбазға арналған ескерткіш жобасы дайын болды

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған 14 сарбазға арналған ескерткіш жобасы дайын болды
Фото: ашық дереккөз

Автор ұсынған жобаның басты элементі – көкке самғаған 14 құстың бейнесі. Олардың әрқайсысы әскери оқу-жаттығу кезінде өмірден өткен бір сарбаздың символы ретінде алынған.

Қостанайлық суретші әрі педагог Алмұрат Ахметов Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшінің рухына арналған ескерткіш жобасын таныстырды. Ерекше композиция әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алмұрат Ахметов бұл композиция арқылы қаза тапқан әскери қызметшілердің ерлігін ұлықтап, олардың есімдерін халық жадында сақтау идеясын жеткізуді көздеген.

Ескерткіштің эскизі жарияланғаннан кейін желі қолданушылары өз пікірлерін білдіріп, бастамаға қолдау көрсетті. Көпшілік мұндай мемориалды Каспий теңізінің жағалауына орнату жөнінде ұсыныс айтқан. Олардың пікірінше, бұл орын қаза тапқан сарбаздарды еске алатын тағылымды мекенге айналуы мүмкін.

Желі қолданушыларының бірі композициядағы құстар бейнесін ақын Расул Ғамзатовтың соғыста қаза тапқан жауынгерлерді ақ тырналарға теңейтін әйгілі шығармасымен байланыстырды. Осы арқылы ескерткіштің символдық мәніне назар аударылып, оның адам жадында сақталатын терең мағынасы талқыланды.

Сонымен қатар пікір білдірушілер 2015 жылы қаза тапқан төрт әскери қызметшіні де ұмыт қалдырмай, олардың рухына тағзым ету қажеттігін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.