300 мыңнан асты: кәсіпкерлер қыз-келіншектер саны көбейген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қара жер айтып бара берсін. Кешірмеймін - Момышұлы Әуезов туралы не деген?

Қара жер айтып бара берсін. Кешірмеймін - Момышұлы Әуезов туралы не деген?
Видеодан алынған скрин

Қазақтың даңқты қолбасшысы, жазушы Бауыржан Момышұлы «Айтылмаған ақиқат» кітабында Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы мен қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері туралы өткір пікір білдірген.

Бауыржан Момышұлы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын ұлы шығарма деп бағалағанымен, жазушының Құнанбай бейнесін сомдау тәсілімен келіспейтінін ашық айтқан, деп хабарлайды kznews.kz

«Мұхтар Әуезовтің "Абайы" – ұлы шығарма, бірақ кейбір жерлерімен келіспеймін. Неге? Себебі не? Ол кісі Абайды көтеремін деп, Құнанбайды кемітеді. Бұл өте үлкен қате деп білемін», – деген Бауыржан Момышұлы.

Ол Құнанбайды Ресей тарихындағы Иван Грозныймен салыстырып, Әуезовтің әкесі мен баласын бір-біріне қарсы қойғанын сынға алған.

«Құнанбай – ол қазақтың Иван Грозныйы. Иван Грозный мақсатына жетті, бірақ Құнанбай ойына жете алмады. Мұхаң осыған түсінбеді. Әкесі мен баласын қарсы қойған. Мен бұл ойымды Мұхаңа айтқан болатынмын», – дейді қолбасшы.

Бауыржан Момышұлы Мұхтар Әуезовпен жеке қарым-қатынасына да тоқталған. Оның айтуынша, соғыс жылдарында жазушы майданда жүрген өзіне сегіз хат жолдаған. Алайда кейін бұл хаттар сақталмаған.

Момышұлы хаттардың жоғалуына Әуезовтің өзін кінәлаған. Ол жазушының «ұлтшыл Бауыржанмен» байланысы белгілі болып қалуынан қауіптеніп, хаттарды архивтен алып жойғанын айтқан. Бұл – Момышұлының жеке естелігінде келтірілген мәлімдеме.

«Оны мен ол кісіге ешуақытта кешірмеймін. Қара жер айтып бара берсін. Кешірмеймін», – деген ол.

Бауыржан Момышұлының сыны Мұхтар Әуезовпен ғана шектелмеген. Ол Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов және Ғабиден Мұстафиннің әдебиеттегі орнына да күмән келтірген.

Атап айтқанда, Ғабит Мүсіреповтің өзін қазақ әңгімесінің классигі санауын құптамаған. Сәбит Мұқановты «иіні қанбаған қамырға» теңеп, Ғабиден Мұстафиннің де классик атануына қарсы пікір білдірген.

Ал қазақ әдебиетінің шынайы классиктері ретінде Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы және Мағжан Жұмабаевты атаған.

«Мен оқырман ретінде әдебиетіміздің классиктері деп А. Байтұрсыновты, М. Дулатовты, Ж. Аймауытовты, М. Жұмабаевты және басқаларды мойындаймын. Ал бұл жолдастарды классик деп мойындамаймын», – деген ол.

Бауыржан Момышұлының бұл пікірлері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдеріне берген жеке бағасын көрсетеді. Оның әдебиет туралы көзқарасы өз дәуіріндегі қаламгерлер арасындағы шығармашылық келіспеушіліктер мен әдеби мұраға қатысты пікір алуандығын да аңғартады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.