9 қазаннан бастап мектепте телефон пайдаланудың жаңа тәртібі күшіне енеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін полиция азаматтарға қоңырау шалып, жазбаларды өшіруді талап етті ме? - ІІМ жауап берді

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін полиция азаматтарға қоңырау шалып, жазбаларды өшіруді талап етті ме? - ІІМ жауап берді
Фото: ЖИ

Олардың айтуынша, өздерін полицей ретінде таныстырған азаматтар әлеуметтік желідегі жарияланымдарды өшіруді сұраған.

Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде сарбаздардың қаза болуына байланысты әлеуметтік желі қолданушылары полиция қызметкерлері атынан хабарласқан белгісіз адамдар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz

Threads желісінің кейбір қолданушылары полиция қызметкерлері үйлеріне келгенін де жазған. Алайда Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

ІІМ вице-министрі Санжар Әділовтің айтуынша, полиция қызметкерлері азаматтарға әлеуметтік желідегі жазбаларын жою туралы талаппен қоңырау шалмаған.

«Ешқандай қоңырауды полиция қызметкерлері жасаған жоқ», – деді Санжар Әділов.

Министрлік өкілінің сөзінше, Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеген. Полиция қызметкерлері Маңғыстау облысында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған.

Осылайша ІІМ әлеуметтік желілерде тараған полицияның азаматтарға хабарласып, жазбаларды өшіруді талап еткені туралы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.