KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек бөлінді

• Қайсар Қанат
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Бекмұрат Жүсіповтің мәліметінше, «Ұлттық рух» қорына түскен қаражат толықтай таратылған.

Қаржыны бөлу үшін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері, депутаттар және қоғам мүшелері кірген.

Сондай-ақ көмек көлемін анықтау процесіне қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары да қатысқан.

Отбасылардың өтінішіне байланысты әрқайсысына бөлінген нақты сома мен қаражат алған азаматтардың жеке деректері жарияланбайды.

Бекмұрат Жүсіповтің айтуынша, қорға жиналған қаражатты бөлу жұмыстары осымен аяқталған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →