“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш сарбаздың қазіргі жағдайы айтылды

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш сарбаздың қазіргі жағдайы айтылды
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған Ақжол Темерхан, Никита Удалов және Бекет Қуандық қазір Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында дәрігерлердің бақылауында.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжол Темерхан медициналық мекемеге оқиға болған күні – 24 қыркүйекте жеткізілген. Ал Никита Удалов пен Бекет Қуандық 26 қыркүйекте ауруханаға түскен.

Қазіргі уақытта үш әскери қызметші де терапия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалаған.

Сарбаздардың есі анық, өздігінен жүріп-тұра алады. Сондай-ақ олардың денсаулығына қатысты шағымы жоқ екені хабарланды.

Үшеуі де мамандардың динамикалық бақылауында.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, қатты жел соққан. Соның салдарынан 17 әскери қызметші суға кеткен. Үш сарбаз аман қалып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер