Боксшы Данияр Елеусінов бір ұшақтың ұшуына кедергі жасап, басы дауға қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Каспийде аман қалған үшінші әскери қызметшінің аты белгілі болды

Каспийде аман қалған үшінші әскери қызметшінің аты белгілі болды
Аурухана палатасы. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қорғаныс министрлігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған үшінші әскери қызметші туралы мәлімет берді.

Ведомствоның редакция сауалына берген жауабына сәйкес, тірі қалған үшінші әскери қызметші – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Никита Удалов.

Министрлік мәліметінше, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Денсаулық жағдайы жақсы деп бағаланып отыр.

Бұған дейін Каспийдегі оқиғадан тағы екі әскери қызметшінің аман қалғаны белгілі болған. Олар – Атырау облысының тұрғыны Бекет Қуандық пен Маңғыстау облысының тұрғыны Ақжол Темірхан.

Оқиғадан кейін Ақжол Темірхан ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Келесі күні ол есін жиып, жағдайы тұрақтанған.

Ал Бекет Қуандық та дәрігерлердің бақылауында болған. Бұған дейін оның ата-анасы сарбаздың ауруханаға жатқызылмағанын, өзін жақсы сезінетінін және өздігінен жүріп-тұра алатынын айтқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер