Қайғылы оқиға 20 қазанда Ресейдің Дағыстан Республикасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі балықшы мінген қайық Каспий теңізінің Сулак өзені сағасынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан аумақта аударылған.
Оқиғадан кейін екі адамның да хабар-ошарсыз кеткені белгілі болып, құтқару қызметіне ақпарат берілген.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағыстан Республикасы бойынша бас басқармасы жоғалған азаматтардың балық аулауға шыққан адамдар екенін растаған. Оларды іздеуге төтенше жағдайлар қызметінің 28 маманы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.
Құтқарушылар теңіз аумағын тексеру барысында ер адамның денесін тапқан. Одан тіршілік белгілері байқалмаған. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қайықта болған екінші балықшы әзірге табылған жоқ. Құтқарушылар оны іздеуді жалғастыруда.