Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кәсіпкерлердің борышын кешірудің механизмін әзірлеп жатырмыз – қаржы министрлігі

Кәсіпкерлердің борышын кешірудің механизмін әзірлеп жатырмыз – қаржы министрлігі
27 Желтоқсан 2018, 12:25 178 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Елбасы Жолдауындағы тапсырманы орындау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, салықтың амнистияның игілігін 90 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі көреді.

«Бұл – қазіргі таңда қарызы бар заңды тұлға және шағын және орта бизнес өкілдері. Олардың қарызы – 340 млрд теңгені құрайды. Егер олар қарызын (негізгі қарыз -210 млрд теңге) уақытында төлесе, біз акция аясында 122 млрд теңге үстеме ақы мен 7,3 млрд айыппұлды кешіреміз», - деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Осы орайда Марат Сұлтанғазиев акция аясында кәсіпкерлердің қарызын кешіру механизмі әзірленіп жатқанын жеткізді.

«Қазіргі таңда біздің комитет үстеме ақылар мен айыппұлдарды кезең-кезең бойынша кешіру мезанизмін және мемлекеттік кірістер органының әрекетін анық түсіндіру бойынша ережелер әзірленіп жатыр. Ол (ереже – автор) министрдің (қаржы министрінің – автор) бұйрығымен бекітіледі. Аталған бұйрық Әділет министрлігінде тіркеліп жарияланған соң, заңды күшіне енеді», - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, аталған тізімге енген барлық салық төлеушінің жеке кабинеттеріне негізгі қарызды төлеген кезде, қанша қарызы кешірілетіні туралы электронды хабарлама жіберіледі, ал кабинеті жоқтарға 1-қаңтардан бастап, почта арқылы жіберіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Әлихан