Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кәрім Мәсімовтың зәулім үйі кімге берілетіні белгілі болды

Кәрім Мәсімовтың зәулім үйі кімге берілетіні белгілі болды
Фото иллюстрация: kznews

Ведомствоның хабарлауынша, бұл нысан алдағы уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған орталыққа айналады.

«Негізгі орталық Алматыдағы Ұлттық ғылыми-практикалық орталықта жұмыс істейді. Сонымен бірге өзге өңірлерде, оның ішінде Астанада да филиалдар ашу жоспарланған. Бұл қадам бірыңғай әдістемелік база құруға, мамандарды, ата-аналарды және балаларды қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ арнайы білім беру мекемелерінің қызметін жақсартуға жол ашады», – деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Зәулім үй елорда маңындағы Нұра ауданында, Қараөткел ықшамауданында орналасқан. Бұған дейін ол Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында болған және 1,6 миллиард теңге бастапқы бағамен электронды аукционға қойылған еді.

Алайда үш мәрте сатылымға шығарылғанымен, сатып алушы табылмады. Осыған дейінгі саудада бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовке тиесілі монеталар, зергерлік бұйымдар мен қылыштар сатылған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.