Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Карантинді бұзғаны үшін ату жазасына кесілді

Карантинді бұзғаны үшін ату жазасына кесілді

Солтүстік Корея билігі карантинді бұзушыны көпшілік алдында өлім жазасына кесті.

Бұл туралы Stan.kz сайты жазды.

Инсайдерлердің айтуынша, 50 жастағы ер адамды 28 қарашада атып өлтірген. Ол 2020 жылға дейін жабық тұрған шекара арқылы қытайлық бизнес серіктестерімен контрабанда жасады деп айыпталды.

«Қараша айының соңынан бастап Орталық комитет карантиндік шараларды ультра жоғары деңгейдегі төтенше карантиндік шараларға күшейтті. Олар шекара маңындағы аймақтағы жергілікті тұрғындарды үркіту үшін көпшілік алдында өлім жазасын ұйымдастырды», – деді Солтүстік Пхеньян провинциясының тұрғыны.

Солтүстік Корея ресми түрде ешқандай COVID-19 ауруы болмағанын мәлімдейді. Алайда контрабандистер бұл вирусты алып жүруі мүмкін деп қорыққан Солтүстік Корея билігі шектеулерді қолдану үшін Қытаймен шекарада әскери күштерін күшейтті.

Оңтүстік Кореялық NIS агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын Пхеньянды оқшаулауға және вирустың таралуын болдырмау үшін теңізде балық аулауға тыйым салуға бұйрық берген.

Бұған дейін Солтүстік Корея билігі пандемия уақытында экономикалық қиындықтар кезіндеекі шенеунікті өлім жазасына кескен еді

Автор
Еркебұлан