«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Карантинде отырған адамдарға жалақы қалай төленеді?

Карантинде отырған адамдарға жалақы қалай төленеді?

Бас мемлекеттік еңбек инспекторының айтуынша, ауруханаға немесе үйге карантинге жатқызылған адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі коронавирусқа байланысты карантинде отыратын адамдарға еңбекақы төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, ауруханаға немесе үйге карантинге жатқызылған адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Сол бойынша жәрдемақы төленеді. Қашықтан жұмыстан істейтін мұғалімдердің жалақысы да сақталады. 

"Ендігі мәселе – өндірісті уақытша тоқату кезінде жұмысшылардың еңбекақысын төлеу. Осы жылдың 13 наурызынан бастап кинотеатрлар мен балалардың ойын алаңдары жабылды. Осыған байланысты кейбір кәсіпкерлер өз жұмысын тоқтуға мәжбүр болып отыр",- деді Нұрғалиев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскерге байланысты емес себептер болса, жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын ақы төленеді.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі балаларды балабақшаға алып бармауды ұсынды 

"Егер еңбек шарттарында немесе ұжымдық шарттарда бұл мәселе қарастырылған болса, одан да жоғары ақы төлеуге мүмкіндік бар", - деп түсіндірді ол.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан