Қарағанды циркінде өнер көрсету кезінде әуе гимнасты шамамен бес метр биіктіктен құлап, көрермендерді шошытты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, әртіс нөмір орындау кезінде сақтандыру құралдарын пайдаланбаған. Бір сәтте тепе-теңдігін жоғалтып, биіктіктен құлаған.
Оқиғадан кейін бағдарлама жүргізушісі әртісті дәрігерлер тексергенін айтып, оның жағдайы жақсы екенін жеткізген. Сондай-ақ өнерпаздың жақын арада жұмысқа оралатынын мәлімдеген. Осыдан соң цирктегі қойылым қайта жалғасқан.
Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары әртістің денсаулығына алаңдап, құлаудың салдары ауыр болуы мүмкін екенін жазған. Бұған қоса, оқиғадан кейін бағдарламаның жалғастырылғанына наразылық білдіргендер де бар.