Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Канело» Джейкобсты Головкинмен салыстырды

«Канело» Джейкобсты Головкинмен салыстырды

WBC/WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес өзінің келесі қарсыласы IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобстың деңгейін тағы бір орта салмақ үздігі Геннадий Головкинмен салыстыра отырып бағалады. Бұл туралы Sputniknews.kz жазды. 

«Канело» — Джейкобс жекпе-жегі 4 мамырда Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді. Келесі аптада боксшылар үш қалаға пресс-тур жасайды.  

«Бокс тұрғысынан алғанда, Джейкобс Головкинге қарағанда едәуір жетілген спортшы. Ол шынымен де күшті әрі төрт құбыласы түгел боксшы, ол аяқ астынан едәуір күрделі қарсыласқа айналады. Сондықтан, біз оның стиліне қарай дайындалып жатырмыз. Жүз пайыз дайын болу үшін әрқашан мұқият жаттығу жасаймыз», - деді Альварес ESPN арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, мексикалық GGG-мен екі рет кездесті – 2017 жылы жекпе-жек тең аяқталды, ал бір жылдан кейінгі екінші кездесуде төрешілер жеңісті «Канелоға» берді.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Санжар