KZNews.kz
Шоу-бизнес

Канада премьерінің әйелі коронавирус жұқтырды

Нұрсұлтан

Канада премьер-министрінің әйелі Софи Трюдо бұған дейін Ұлыбританиядан оралған болатын. Өзін жайсыз сезініп, тест тапсырған

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз — Sputnik. Софи Трюдоның коронавирусқа тапсырған тесті вирус жұқтырғанын растады. Бұл туралы үкімет басшысының ресми өкілі Камерон Ахмад өзінің Twitter-інде мәлімдеді. 

Канада премьер-министрінің әйелі Софи Трюдо бұған дейін Ұлыбританиядан оралған болатын. Өзін жайсыз сезініп, тест тапсырған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Софи Трюдо қазір жұрттан оқшауланған. Дерт жеңіл түрде өтіп жатқаны хабарланды.

Тағы оқыңыз: Семей тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берілді

Ал Джастин Трюдо вирус жұқтырған жоқ, алайда үйінде жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Жиындарды бейнебайланыс және телефон арқылы өткізеді. 


sputniknews.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →