KZNews.kz
Жаңалықтар

Мектеп оқушысын жүкті қылған 64 жастағы ақтөбелік тұрғын 21 жылға сотталды

Дархан Тоқан
Фото: Бейнежазбадан кескін

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жасөспірімді жүкті қылған 64 жастағы ақтөбелік тұрғын 21 жылға сотталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жантүршігерлік оқиға былтыр қазан айында Ойыл ауданында болған. 9 сыныпта оқитын қыз  мектепте өзін жайсыз сезініп, көп ұзамай босанған. Оның  жүкті екенін үйінде де, мектепте де ешкім байқамаған көрінеді. Тіпті  медициналық тексерулер кезінде де анықталмапты. Күдікті - қыздың әжесінің 64 жастағы жұбайы. Бірақ, туған атасы емес. Оның кінәсі дәлелденді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-бөлігі («Бірнеше рет жасалған зорлау») және 124-бабының 3-бөлігі («16 жасқа толмаған адамға қатысты бірнеше рет жасалған азғындық әрекеттер») бойынша айып тағылды.

«3 ақпанда оған үкім шықты – 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның зейнеткерлік жасын ескерді. Әйтпесе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді», — деп түсіндірді Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Алтынбек Сабыров.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →