KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қайрат Нұртас сахнада әкесіне еркелеп, көпшілікті сүйсінтті

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Қайрат Нұртастың Атырауда өткен концертінде әкесімен бірге сахнаға шыққан сәті көпшіліктің көңілін толқытты. Әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков ұлына қолдау көрсету үшін Атырауға арнайы барған, деп хабарлайды kznews.kz

“Жан баламды қолдап, Атырауға келдім”, – деп жазды әншінің әкесі.

Бұл жазбаға Гүлзира Айдарбекова да пікір қалдырды.

Шымкенттегі Қайрат Нұртастың концерт ұйымдастырушысы үйқамаққа жіберілдіОқыңыз

Ол ұлының еңбекқорлығы, қарапайымдылығы, мейірімділігі мен қиындыққа мойымайтын мінезі әкесінен дарығанын атап өтті. Сондай-ақ осы қасиеттерінің арқасында Қайраттың 20 жыл бойы танымалдылығын жоғалтпағанын жеткізді.

“Екеуің де аман болыңдар, менің бағыма”, – деп жазды әншінің анасы.

Әке мен баланың сахнадағы жарасымды сәті желі қолданушыларын да сүйсінтті.

“Әкенің бәрі сіздей болса, нұр үстіне нұр болар еді!”, “Әкенің орны бөлек қой, қуанып көріп отырмын”, “Міне, мәдениет. Баласы әкесін құшақтап жатыр”, “Керемет, Қайраттың әкесіне еркелегені жарасады. Нұртас мырза керемет жан”, “Әке деген осы ғой. Баласы үшін жанын береді. Нұртас мырза, аман жүріңіз”, – деп жазды олар.

Айта кетейік, 22 қарашада Атырау қаласындағы Жайық мәдени-спорт кешенінде Қайрат Нұртастың шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған “Сахнада 20 жыл” атты концерті өтті.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада өткен концертте әнші Қайрат Нұртасқа көрермендердің бірі сөмке лақтырғаны хабарланған еді. Шағын қолсөмке өнер иесінің арқасына тиген. Кадрлардан өнер иесінің оқиғаға сабырмен қарап, өзіне сөмке лақтырған көрерменге ескерту жасаған. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →