Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кабирхан Дубайда өткен додаға қатысқан жоқ

Кабирхан Дубайда өткен додаға қатысқан жоқ

Қазақ сәйгүлігі Кабирхан бүгін Дубайда өткен Dubai Racing Carnival: Super Saturday жарысына қатыспады. Бапкер Даг Уотсон мен аттың иесі Тілек Мұханбетқалиев осындай шешімге келген. Есесіне, 30 наурызда өтетін Әлем кубогында бақ сынайды, деп жазады Ulysmedia.kz.



Әу баста Кабирхан Дубайдағы бәйгеге тіркелген болатын. Жүлде қоры 1,7 миллион долларды құрайтын аламанда (3 шақырым) жарыс жолына шығады деп күтілген-ді. Алайда Әлем кубогына дұрыс дайындалу үшін бұл жарысқа қатыспауды ұйғарыпты.


Кабирхан қатысатын Әлем кубогының жүлде қоры – 7,5 миллион доллар. Қазақстан сәйгүлігі 3,2 және 2,5 км қашықтыққа тіркелген.

Естеріңізге салсақ, "Кабирхан" Дубайда өткен Al Maktoum Challenge Presented by Longines бәйгесіне қатысып, топ жарған болатын.

Автор
Нұрсұлтан