Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кабинеттегі жасырын камера: Ақтөбе облысында аудан әкіміне пара жасады деген айып тағылды

Кабинеттегі жасырын камера: Ақтөбе облысында аудан әкіміне пара жасады деген айып тағылды

Тергеу деректеріне сәйкес, екі эпизод бар. Бірінде шенеунік "Дәнекер" ЖШС директорынан орындалған жұмыстар актісіне қол қою үшін 5 миллион теңге талап еткен, екіншісінде "Азия строй проект 777" ЖШС-нен 8 миллион теңге алған. Ақша бөліп-бөліп Kaspi арқылы жеке тұлғалардың есепшоттарына аударылып отырған.

Сотта Шұға Сәдуақасова бұл әрекетті аудан әкімі Жанболат Жидеханның тапсырмасымен жасағанын айтты. Оның сөзінше, мердігерлерден ақша талап еткен – әкімнің өзі, тіпті кейбір соманы қолма-қол алған.

"Ол маған “Қорықпа, ештеңе айтпа, бәрін өзім шешіп аламын” дейтін. 2024 жылдың қазан айында шақырып алып, дереу ақша әкелуімді сұрады. Қаржы жоқ екенін айтқанда, өзімнің 700 мың теңгемді бердім. Кейін Актөбедегі құрбым арқылы аударымдар түсе бастады, жалпы көлемі шамамен 12,5 миллион теңге. Сол ақшаның бір бөлігін Жидехан өз қолымен алып кетті", – деді айыпталушы.

Сотта оның әкіммен әңгімесінің аудиожазбасы стенограмма түрінде жарияланды. Сарапшылар жазбаның түпнұсқалығын растады. Белгілі болғандай, әкімдік кабинеттерінде жасырын бейнебақылау жүргізілген.

Шенеуніктің қорғаушылары Жанболат Жидеханұлын сотқа шақыруды талап етіп жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.