KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Этникалық қазақ Путиннің кеңесшісі болды

• Данияр

Дағыстанның бұрынғы басшысы Владимир Васильев Ресей президенті Владимир Путиннің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

«Васильев Владимир Абдуалиевич Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалсын», - делінген дүйсенбідегі Путиннің жарлығында.

Васильев Дағыстанды 2017 жылдың қазанынан бастап басқарды, оған дейін, 2012 жылдан бастап Ресей Мемлекеттік Думасының вице-спикері болды, ол 2003 жылдан бері депутат болды. Тіпті одан бұрын ол Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің орынбасары, Ресей Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Этникалық қазақ - әкесі Али Асанбаев, шешесі - Надежда Васильева (орыс). Владимир Васильев туылған кезде Алик Абдуалиевич Асанбаев деп аталды.

Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →