Бұрынғы энергетика министрі Қанат Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қанат Бозымбаевты өзінің көмекшісі етіп тағайындады.
"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылсын", -деп жазылған жарлықта.