Экзит-полл нәтижесі бойынша, Украинадағы президент сайлауында сайлаушылардың 73,2% - әртіс Владимир Зеленскийге, 25,3% елдің қазіргі президенті Петр Порошенкоға дауыс берген. Сайлаушылардың 1,5% екі үміткерді де сызып тастаған немесе бюллетеньді бүлдірген.
Бұған қоса, экзит-полл қорытындысы Владимир Зеленскийдің Украинаның барлық аймағында басымдыққа ие болғанын көрсеткен. Бұл - Киев уақытымен кешкі сағат 18.00-дегі (Нұр-Астана бойынша кешкі сағат 21.00) жағдай.
Сәуірдің 21-і Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Азат Еуропа/Азаттық радиосының "Настоящее время" жобасы Украинадағы президент сайлауының барысын күні бойы сарапшылармен талқылап, сайлау учаскелерінен тікелей эфирде хабар таратты.