"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Экс-ауыл шаруашылығы министрі жаңа қызметке тағайындалды

Экс-ауыл шаруашылығы министрі жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Сапархан Омаров "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бүгінгі таңда азық-түлік келісімшарт корпорациясының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүргізу міндеті тұр. Сапархан Омаровтың ауыл шаруашылығы саласындағы бай тәжірибесі корпорация алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарды тиімді орындауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осы жылдың 10 шілдесінде Сапархан Омаров Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты дер кезінде шара қолданбағаны үшін ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған болатын.

Автор
Айбар