KZNews.kz
Шоу-бизнес

Италияда қазақстандықтар мінген автобус аварияға түсіп, төңкеріліп қалды

Әлихан


22 мамыр күні Италияның Сиена атты өңірінде туристердің автобусты ЖКО-ға түсті. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kzхабарлайды.



фото: Vigili del Fuoco

"ЖКО-дан зардап шеккендердің қатарында біздің отандастарымыз бар. Қазақстанның консулы Римнен Сиенаға, оқиға орнына аттанды. Толық ақпарат оқиғаның мән-жайы анықталған соң беріледі", — деп хабарламада жазылған.

ЖКО-да бір жолаушы қаза тапты, оны әртүрлі жарақаттар алды. Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Төрт адам хәл үстінде жатыр.

60 жолаушысы бар автобустың неліктен ЖКО-ға түскені әзірге белгісіз. Corriere della Sera басылымының мәліметінше, аварияға тайғақ жол түрткі болуы мүмкін.

https://twitter.com/emergenzavvf/status/1131123465241673728?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1131123465241673728&ref_url=http%3A%2F%2Fstan.kz%2Fitaliyada-kazakstandiktar-mingen-avtobus-avariyaga-tusip-tonkerilip-kaldi-316753%2F

stan.kz


Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →