Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Исматуллаға қатысты мәлімдеме жасаған әйел жан сырын ақтарды

Исматуллаға қатысты мәлімдеме жасаған әйел жан сырын ақтарды
ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Havva Aksoy Istanbul есімімен жазба жариялайтын қазақстандық әйел кәмелетке толмаған кезінде өз еркінен тыс тұрмысқа берілгенін мәлімдеді. Ол балалық шағында бастан өткерген ауыр жағдайларды кітап етіп жазуды жоспарлап отырғанын айтты.

Әйел Facebook парақшасында Исматуллаға қатысты соңғы жазбасын жариялап, осы уақытқа дейін ашық айта алмаған жайттарымен бөліскен.

Оның сөзінше, балалық шағы қорқыныш пен күдікке толы болған. Ол кәмелетке толмай жатып тұрмысқа берілгенін және сол кезде отбасылық өмір туралы қарапайым түсінігінің де болмағанын мәлімдеді.

Жазба авторы ерте жаста ана атанған кезеңін еске алған.

"Кәмелетке толмай жатып, өз еркімнен тыс тұрмысқа берілдім. Ең сорақысы, мен ол кезде еркек пен әйел бірге болғаннан кейін бала пайда болатынын да білмеппін. Етеккір тоқтаса, жүкті болуың мүмкін екенін де білмедім", – деп жазды әйел.

Ол босану кезінде дәрігер тарапынан да ауыр сөз естігенін айтқан.

Әйелдің баяндауынша, толғатып жатқан кезінде дәрігер оған дөрекі сөйлеген. Сол сәтте ол мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін не істеуге болатынын ғана сұраған.

"Ал менің оған қойған жалғыз сұрағым: „Екінші рет мұндай жағдай болмауы үшін не істеуім керек?“ Ол кезде „жату“ дегеннің не екенін де білмейтін кішкентай бала едім", – дейді ол.

Жазба авторы сол кезеңде өзіне не болып жатқанын толық түсінбегенін жеткізген. Оның айтуынша, кейде есін анық жинай алмайтын жағдайларға тап болып, мұның себебін өз бетінше түсіндіруге тырысқан. Ол тіпті тамағына белгісіз дәрі қосылған болуы мүмкін деп күдіктенгенін жазған. Алайда бұл күдік нақты дәлелденген дерек ретінде көрсетілмеген. Әйел сол кездегі қорқынышы мен түсініксіз жағдайларды қалай қабылдағанын баяндаған.

Әйел өзінің бастан өткергендерін көпшілікке жариялау оңай болмағанын айтады. Ол Исматуллаға қатысты тақырыпты әлеуметтік желіде бұдан әрі қозғамауға шешім қабылдағанын жеткізген.

"Ойлаңыздаршы, мен ана атансам да, өзім әлі бала едім… Бұл – көрген қорлығымның бір бөлігі ғана. Исматулла тақырыбын осымен жабамын! Мен одан да, оның жақтастарынан да енді қорықпаймын!" – деп жазды ол.

Жазба авторы өзіне қатысты қорлау, қорқыту немесе қысым көрсету әрекеттері болса, заң аясында жауап беретінін де ескерткен. Оның сөзінше, ұзақ жылдар бойы еркіндігі үшін күресуге тура келген.

Қазақстандық әйел әлі айтылмаған оқиғалардың көп екенін мәлімдеді. Ол осы уақытқа дейін көпшілікке жария етпеген жайттарды жазып жатқан кітабында баяндауды жоспарлап отыр. Әйелдің айтуынша, қазіргі жазбасы Исматулла тақырыбындағы соңғы жарияланымы болмақ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер