Саясат

"Ішкені мұнай, жұтқаны күкірт" – Атырау облысы әкімінің әлсіз тұсы экология ма?

"Ішкені мұнай, жұтқаны күкірт" – Атырау облысы әкімінің әлсіз тұсы экология ма?
Фото иллюстрация: kznews

Атырау Қазақстан бюджетінің доноры. Сондықтан мұндай аймақты алақанда күтіп ұстау парыз. Алайда іс жүзінде бәрі керісінше болып отырғандай. Әсіресе облыс орталығындағы экологиялық жағдай алаңдатпай қоймайды.

Журналист Михаил Козачков өзінің Телеграм арнасында Атыраудағы кәріз суын тазарту нысанындағы экологиялық апатқа ұқсас жайтпен бөлісті. Оның @Koza4kov_bot поштасына келген кәріз суын тазарту нысанында түсірілген бейнежазбада зиянды заттардың, соның ішінде мұнай өнімдерінің нормадан асқаны анық көрінеді.
Атыраулықтардың айтуынша бұл кадр кәріз суларын тазартуға жауапты ұйымдар арасындағы келіспеушіліктер кезінде түсірілген.
Енді ұзын сөздің қысқасы – қала кәрізіне мұнай мен басқа да химиялық заттар түсіп жатыр. Яғни облыста экологиялық мәселелер әкімнің назарынан тыс қалып жатыр.

Әзірге бұл жайтты түсіндіріп баққан бір мекеме болмады. Бұл мәселеге кім жауап беретіні де белгісіз?

Жалпы Атырауда күкірт қалдығына қатысты мәселе әлі де толық шешілмей келеді. Эколог Галина Чернова Қазгидромет дерегіне сүйене отырып жылына 500-ден аса ауада күкіртсутек білінетінін айтады. Әлі күнге дейін ауаны қай мекеме ластайтынын дөп басып айту қиын дейді маман. Ал бұл үлкен шаруа: жауаптыларды анықтап, айыппұл салып, лицензиясын қайтарып алу қажет.

Әйтпесе өңір тұрғындары қатерлі ісікке душар болып, тыныс алу жолы ауруларына, соның ішінде туберкулез ауруына шалдығу қаупі жиілеуі мүмкін.

Егер облыс әкімі Серік Шәпкенов аталған жәйттерге дер кезіне зейін қоймаса, ресми Астана оның жұмысына төмен баға беретіні сөзсіз. Себебі халықтың үдесіне сай жұмыс істеу Үкіметтің негізгі талаптарының бірі.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz