ка

Ірі инвестициялар мен ауқымды жобалар: Тоқаев Әбу-Дабидің тақ мұрагерін қабылдады

12.05.2025 14:27
0
63
Ірі инвестициялар мен ауқымды жобалар: Тоқаев Әбу-Дабидің тақ мұрагерін қабылдады
фото: Ақорда
Тоқаев пен БАӘ тақ мұрагері 5 миллиард долларлық келісімдерге қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Кездесуде тараптар өзара тиімді және мазмұнды келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы БАӘ-ні Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде атап, екі елдің көздеген мақсаттары ұқсас екенін айтты. 2023 жылы қос ел үкіметтері стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы бірлескен декларацияға қол қойған болатын.

Ақорданың мәліметінше, 2024 жылы Әмірліктерден Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялар көлемі екі еседен аса артып, тарихи ең жоғары деңгейге жеткен.

Кездесу аясында жалпы құны 5 миллиард доллар болатын 20 келісімге қол қойылды.

«Қазақстан мен БАӘ арасындағы байланыс тек сауда мен инвестиция шеңберімен шектелмей, энергетика, көлік, цифрландыру және білім беру сияқты көптеген салаларды қамтиды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тақ мұрагер өз кезегінде Қазақстан тарапына жылы шыраймен қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий