Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында Президентке әлеуметтік-еңбек саласындағы жағдай мен оны дамыту жоспары туралы баяндалды.

  • 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 157,8 мың адам қамтылды;
  • 143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылды;
  • Жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды;
  • Жүйелі жұмыстың нәтижесінде биылғы бірінші тоқсанда өндірістік жарақаттану деңгейі 17%-ға төмендеді;
  • Ауыр жарақатпен аяқталған оқыс оқиғалар саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5%-ға азайды;
  • Кәсіби тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу бойынша автоматтандырылған жүйе мен еңбек қатынастарын декларациялау механизмі енгізілуде.

Сондай-ақ, министр үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен осалдық деңгейін бағалау үшін скорингтік модельді қолдану тұжырымдамасын таныстырды. Бұл жүйе көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттауға және қолдау шараларының нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Президент мынадай міндеттер жүктеді:

  • әлеуметтік саясатты жетілдіруді жалғастыру;
  • атаулы көмектің тиімділігін арттыру;
  • жұмыспен қамтуды формализациялау шараларын кеңейту;
  • әлеуметтік-еңбек саласында цифрландыруды күшейту.
Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан