Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ирандағы ұшақ апатында қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

Ирандағы ұшақ апатында қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ең кішкентай жолаушының жасы 2-де болған. Барлығы 176 адамның көз жұмғаны хабарланып отыр. Екі адам рейске отырмай, аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар — Sputnik. "Украина халықаралық әуе желілері" компаниясы Тегеран қаласында "Боинг" бортында қаза болғандардың тізімін жариялады.

167 жолаушының ішінде 2-18 жас аралығындағы 29 бала болған. Ең ересек адамның жасы – 75-те.

"Боинг" жолаушыларының толық тізімі МАУ сайтында жарияланды.

Бұған дейін әуе компаниясы ұшақ экипажы мүшелерінің тізімін жариялаған болатын. Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінде екі жолаушының аман қалғаны хабарланды. Олар рейске отырмаған.

Тағы оқыңыз: Алладан көмек сұраған: Иранда құлаған ұшақтан студенттің хаты табылды

Ирандағы ұшақ апаты

8 қаңтарда Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бортта 176 адам отырған. Оның тоғызы экипаж мүшесі. Ұшақта болғандардың бәрі көз жұмды.

Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан