Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ирандағы қыздар мектебіне жасалған шабуылға АҚШ жауапты болуы мүмкін

Ирандағы қыздар мектебіне жасалған шабуылға АҚШ жауапты болуы мүмкін
ашық дереккөзден

Иранның Минаб қаласындағы қыздар медресесіне жасалған шабуылға америкалық әскери күштердің қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі АҚШ-тағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, АҚШ әскери тергеушілері аталған оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Алайда зерттеу жұмыстары әлі аяқталмаған, сондықтан нақты қорытынды жарияланған жоқ. Reuters бұл ақпаратты екі америкалық шенеунікке сүйене отырып таратқан.

Қазіргі уақытта тергеудің толық мәліметтері жария етілмеген. Шабуыл кезінде қандай қару қолданылғаны және соққыны нақты кім жасағаны туралы да нақты дерек жоқ.

Reuters агенттігі бұл оқиғаға кім жауапты болуы мүмкін және қандай себептер АҚШ әскерилерінің мектепке соққы жасауына әкелуі ықтимал деген сұрақтарға жауап іздеп жатыр.

4 наурыз күні АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Минабтағы қайғылы оқиғаға қатысты америкалық әскери құрылымдар тексеру жүргізіп жатқанын растады. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Құрама Штаттар мектептерді әдейі нысанаға алмайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға әскери соққы жасаған алғашқы күні Минаб қаласындағы қыздар медресесіне зымыран түскен. Ирандық БАҚ мәліметінше, бұл шабуыл салдарынан кем дегенде 168 оқушы қыз бен 14 мұғалім қаза тапқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер