Әлем

Иранда халық көтерілісі күшейіп барады

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
Иранда халық көтерілісі күшейіп барады
Видеодан скрин

Иранда экономикалық жағдайға байланысты басталған наразылық акциялары біртіндеп тәртіпсіздік пен тонаушылыққа ұласып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz Tasnim басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2 қаңтар күні кешке Иранның солтүстік-шығысындағы Солтүстік Хорасан провинциясының орталығы Боджнурд қаласында тұрғындар риал бағамының күрт құлдырауына наразылық білдіріп, көшеге шыққан. Алғашында бейбіт сипатта өткен акциялар кейін кейбір аудандарда тәртіпсіздікке ұласқан.

Tasnim мәліметінше, тәртіпсіздікке қатысқандар саны 100 адамнан аспаған. Олар жол қозғалысын бөгеп, көліктердің жүруіне кедергі келтірген.

Сондай-ақ елдің батысындағы Илам провинциясының Сербала қаласында қарулы топтардың көшеге шыққаны хабарланды. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда “Хаменеиге өлім!” деген ұранмен автомат қаруынан оқ атылған сәттер көрінеді.

Ал Fars басылымы 2 қаңтардан бастап бейбіт акциялардың азайып, наразылықтардың ашық саяси сипат ала бастағанын жазды. Қатысушылар полициямен қақтығысып, үкіметке қарсы және монархияны қолдайтын ұрандар айтқан.

Агенттік дерегінше, тәртіпсіздікті суық және атыс қаруымен, сондай-ақ Молотов коктейльдерімен қаруланған шағын топтар ұйымдастырған. Олар әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға, соның ішінде мешіттерге шабуыл жасаған. Мұндай жағдайлар Тегеран мен Кередж қалаларында да тіркелген.

Кереджде наразылық білдірушілер Иран туын өртеп, “Диктаторға өлім!” деген ұранмен өтіп бара жатқан адамдарды таспен атқан.

Оқиғалардан кейін Иран Орталық банкінің басшысы Мохаммад Фарзин қызметінен кетті. Президенттің 31 желтоқсандағы жарлығымен бұл қызметке Абдольнасер Хеммати тағайындалды.

Қазіргі таңда Иранда инфляция деңгейі өте жоғары. Риалдың құны күрт әлсіреп, соңғы айларда доллармен салыстырғанда бірнеше рет антирекорд жаңартқан. АҚШ 2018 жылдың мамырында ядролық келісімнен шыққанға дейін доллардың бейресми бағамы шамамен 50 мың риал болса, қазір еркін нарықта 1 доллар 1,4 миллион риалға дейін жеткен.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz