Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Иранда қарулы содырлар полицияға оқ атты

Иранда қарулы содырлар полицияға оқ атты

Иранның Кирман провинциясынла қарулы содырлар мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында атыс болып, екі полиция қаза тапқан. Бұл туралы сол елдің IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қақтығыс аталған провинцияның Бердсир ауданында болған. Полиция қызметкерлері күдіктілер отырған көліктің соңынан түскен, қарулы содырлар отырған көлік жолдан шығып кетеді және оларды құрықтамақ болған полиция қызметкерлеріне оқ жаудырады. Күдіктілер екі полицияны өлтіріп қашып кеткен.

Қазір Иран полиция тараулары істі анықтауды қолға алынуда. Күдіктілерді іздестіруде. Алдын ала жасалған болжам бойынша қарулы адамдар қандай да бір террорлық әрекеттерді жүзеге асыруды жоспарлаған делінеді.

“The Qazaq Times”

Автор
Санжар