Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақысы отбасын асырауға жетпейтінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Иранда ядролық қару болғанын қаламаймыз» – Трамп Си Цзиньпинмен келіссөз жайлы

«Иранда ядролық қару болғанын қаламаймыз» – Трамп Си Цзиньпинмен келіссөз жайлы
Фото: ашық деркккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин екі күнге созылған саммит аясында қорытынды келіссөздер өткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Келіссөздер АҚШ пен Қытай арасындағы ірі сауда келісімдеріне қатысты үміт күшейген тұста және Иран айналасындағы жағдай мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігі артқан кезеңде өтті.

Трамптың айтуынша, тараптар Иран мәселесін де көтеріп, Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу жөнінде ұқсас ұстаным білдірген.

«Біз Иран мәселесін де талқыладық. Бұл қақтығысты қалай аяқтау керектігі жөнінде көзқарасымыз өте ұқсас. Біз олардың ядролық қаруға ие болуын қаламаймыз. Бұғаздар ашық болғанын қалаймыз», – деді Ақ үй басшысы.

Еске салайық, АҚШ президенті 13 мамырда Бейжіңге соңғы тоғыз жылдағы алғашқы сапарымен барған.

Әлемдік БАҚ жіті бақылап отырған бұл кездесу тек дипломатиялық протокол емес, Вашингтон мен Бейжің арасындағы жаңа саяси-экономикалық кезеңнің бастамасы ретінде бағаланып отыр.

Сапардың символикалық маңызы оның ұйымдастырылуынан-ақ байқалды. Қытай тарапы америкалық делегацияны жоғары деңгейде қарсы алып, халықаралық баспасөз орталығын алдын ала дайындаған. Бейжіңге АҚШ-тан жүзден астам журналист арнайы барған. Бұл – саммиттің әлемдік медиадағы салмағын көрсететін маңызды белгі. 

Бұл сапардың тағы бір ерекшелігі – Трамптың қасында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бар. Бұл келіссөздердің тек экономикалық емес, геосаяси сипатқа да ие екенін көрсетеді.Сондай-ақ, Ақ үй басшысы ұлы Эрик және келіні Лара Трампты ерте барған. Бұл жолы президенттің жанында бірінші ханым Мелания Трамп болған жоқ.  

Сапар құрамында америкалық ірі бизнес өкілдері де бар. Олардың қатарында кәсіпкер Илон Маск, Apple компаниясының басшысы Тим Кук және NVIDIA жетекшісі Дженсен Хуанг бар екені айтылуда. Бұл Бейжіңдегі келіссөздерде технология, жасанды интеллект және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері маңызды орын алатынын көрсетеді.

Қала орталығы ерекше бақылауға алынып, мемлекет басшыларының кортежіне ешкім кедергі келтірмеді – олар бос қалған көшелермен емін-еркін жүріп өтті. Тіпті астанадағы әрбір тұрғын ғана емес, әрбір бұтаға дейін маңайында қаншалық маңызды оқиға өтіп жатқанын сезетіндей әсер қалдырды.

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин соңғы рет 2017 жылдың күзінде кездескен еді. Содан бері әлем түбегейлі өзгерді. Сауда соғыстары, пандемия, технология үшін талас және әлемнің әр түкпіріндегі қақтығыстар АҚШ пен Қытай қарым-қатынасын жаһандық саясаттың басты мәселесіне айналдырды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.