Әлем

Оңтүстік Кореяда Дональд Трамп ақыры Си Цзиньпинмен кездесті

Оңтүстік Кореяда Дональд Трамп ақыры Си Цзиньпинмен кездесті
Фото: © AP Photo / Mark Schiefelbei

Аталған кездесу АҚШ пен Қытай секілді алып екі державаның қарым-қатынасын жақсарта түседі деп болжанған. 

ҚХР төрағасы бұл жерге Америка көшбасшысынан бұрын Азия – Тынық Мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін келген болатын. 

CBS News басылымының жазуынша, Трамп өзінің қысқа үндеуінде Си Цзиньпинмен қарым-қатынасы жақсы екенін айтқан. 

– Мен бүгінгі кездесуіміздің сәтті болатынына күмән туғызбаймын. Десе де, ол – өте қатаң келіссөз жүргізуші. Бұл, әрине, жақсы емес, – деді ол. 

Қытай көшбасшысымен кездеспес бұрын Трамп "мен үшін досыммен кездесу – үлкен мәртебе" деген мәлімдеме жасаған. 

– Төраға Си – ұлы елдің ұлы көшбасшысы. Біздің арамызда ұзақ жылдар бойы керемет қарым-қатынас болады, – деп ағынан жарылды АҚШ президенті.

Өз кезегінде Си Цзиньпин "мен де сізбен жүздескеніме қуаныштымын" деп айтқан. Сонымен қатар, Қытай көшбашысы биыл өзінің Трамппен 3 рет телефон арқылы сөйлескенін, бірнеше рет хат алмасып, екеуара байланысын жақсарта түскенін жеткізді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz