«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Иранда хиджаб кимеген әйелдерді анықтайтын камералар орнатылуда

Иранда хиджаб кимеген әйелдерді анықтайтын камералар орнатылуда

Иран билігі хиджабсыз әйелдерді анықтау және жазалау үшін қоғамдық орындарда және көшелерде камералар орнатуда.

Иранның әдеп полициясы хабарлағандай, заң бұзушылар анықталғаннан кейін олар "ескерту мәтіндік хабарламаларын" алады. Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары атап өткендей, мұндай әрекеттер "хиджаб Заңына қарсылықты болдырмау" үшін жасалып жатыр.

Ирандық әйелдер 22 жасар қыз қайтыс болғаннан кейін толықтай оранудан бас тартуды жалғастыруда. Махса Амини "хиджабты дұрыс кимегені" үшін Әдеп полициясы ұстағаннан кейін көп ұзамай Тегеран ауруханаларының бірінде қайтыс болған еді.

Міндетті дресс-кодты бұзғаны үшін қамауға алу қаупі бар әйелдер әлі де сауда орталықтарында, мейрамханаларда, дүкендерде және Иран көшелерінде әдептілік полициясына қарсы шығып жүр.

Естеріңізге сала кетейік, хиджаб кию Иранда міндетті заң болып табылады. Оның сақталуын арнайы қызмет - мораль полициясы бақылайды. Дәл осы фактімен елдегі ұзаққа созылған наразылықтар байланысты болды.

фото: aif.ru

Автор
Еркебұлан