Саясат

Иран Қазақстанда сүт комбинатын салады - Тоқаев

Иран Қазақстанда сүт комбинатын салады - Тоқаев
Фото: aqorda

Иранның Solico Group компаниясы Қазақстанда жылына 200 мың тонна өнім өндіретін ірі сүт комбинатынсалуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстан–Иран бизнес форумында жария етілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Форум барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестікті тереңдету маңызды екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Иран Қазақстан астығын сатып алатын басты серіктестердің бірі болып саналады. 2023 жылы агроөнеркәсіп тауар айналымы 220 миллион долларға жетсе, биылғы 10 айдың ішінде астық экспорты 280 миллион доллар шамасына дейін өскен.

Тоқаев Қазақстан ауыл шаруашылығына инвестиция салуға ниетті шетелдік кәсіпкерлерді қолдайтынын жеткізіп, Иранмен бірлескен бірқатар жобалар іске асырылып жатқанын айтты.

«Иранның Solico Group компаниясы елімізде заманауи сүт комбинатын салуды көздеп отыр. Жылдық қуаттылығы – 200 мың тонна. Сонымен қатар, компания балаларға арналған тағам өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Kourosh Food Industry компаниясы да Қазақстан нарығына қызығушылық білдіріп, өсімдік майын шығару және құс шаруашылығын дамыту бойынша жобалар ашуға ниетті», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Иран бизнес өкілдерін Қазақстанда өндіріс орындарын ашып, бірлескен жобалар құруға шақырды.

Айта кетейік, осы күндері Иран Президенті Қазақстанға ресми сапармен келіп, бірқатар екіжақты кездесулер өткізуде.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz