Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Гросси Иранның ядролық қару әзірлеп жатқанын растайтын нақты дәлелдер жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Сонымен қатар агенттік жетекшісі бірқатар алаңдататын жайттарға назар аударды. Оның айтуынша, Тегеранның иелігінде қару жасауға жақын деңгейге дейін байытылған уран қоры өте көп көлемде жиналған.
Бұдан бөлек, Иран билігінің халықаралық инспекторларға кейбір нысандарды толық тексеруге мүмкіндік бермеуі де күмән туғызуда.
Рафаэль Гроссидің сөзінше, бұл мәселелер толық шешілмейінше, Иранның ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатта жүргізіліп жатыр деп нақты кепілдік беру қиын.