"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Иран билігі халықтың мәселесін шешуге шақырған әйгілі футболшысын өлім жазасына кесті

Иран билігі халықтың мәселесін шешуге шақырған әйгілі футболшысын өлім жазасына кесті

Иран билігі футболдан ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Али Даеиді өлім жазасына кесті.

Даңқты футболшы қыркүйек айының басында полиция ұстағаннан кейін қаза тапқан 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық акцияларына қатысқан.

Ол Иран үкіметін қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық және қамауға алуды жалғастырудың орнына Иран халқының мәселелерін шешуге шақырған. Осы жазбасы Instagram желісінде жарияланғаннан кейін оның төлқұжаты тәркіленген көрінеді.

Еске сала кетсек, 14 қарашада Әли Даеи Instagram-дағы парақшасына ФИФА-ның Катарға әлем чемпионатына шақырудан бас тартқанын жазған болатын.

Осындай қиын сәтте отаныммен бірге боламын, - деген ол.

Криштиану Роналду оның рекордын жаңартқанға дейін Даеи ұлттық құрама тарихындағы ең үздік бомбардир болды. Ирандық шабуылшы ұлттық құрама сапында 149 матч өткізіп, 109 гол соққан.

Ол Еуропада «Бавария», «Герта Берлин» және «Арминия» секілді командалардың сапында ойнаған.

Автор
Нұрсұлтан