«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Иран әскери кемелері халықаралық ең маңызды мұнай өткелінде жаттығу өткізуде

Иран әскери кемелері халықаралық ең маңызды мұнай өткелінде жаттығу өткізуде

Парсы шығанағында Иран әскери кемелері сұрапыл әскери жаттығуларын жүргізіп жатыр. Иран Ислам қорғаушылар армиясы өткізіп отырған жаттығу «Ұлы пайғамбар -12» деп аталады. Бұл туралы "ИРНА" ақпараттық агенттігі хабарлады. 

Иран қарулы күштерінің әскери жаттығуы халықаралық ең маңызды мұнай өткелі Ормуз бұғазына жақын маңда өтуде. Иран қорғаныс тараулары бұл жолы алғаш рет шабуыл операцияларының әскери жаттығуда сынап көретіндерін мәлімдеп отыр.

Жаттығуға әскери кемелерден тыс, шабуылшы және тасымал тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу құрылғылары мен құрлық армиясының мыңдаған жасақтары қатысуда.

Айта кетейік, Құрама Штаттың «Джон Стеннис» атты ұшақ тасымалдаушы алып әскери кемесі 21 желтоқсан күні Парсы шығанағына кірген болатын. Иран өзіне бағытталған қысымға қарсы әскери-қорғаныс қуатын әйгілеуге тырысуда.

“The Qazaq Times”

Автор
Жандос